Тәуеліздік алғалы бері еліміздің тіл мамандары арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқылана бастады. Ал 2012 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев латын графикасына көшу қажеттігін атап өткеннен кейін тек лингвистер ғана емес, бүкіл қазақ қоғамында осы мәселе қызу пікірлер мен ой-тартыстардың тақырыбы болды. Араға бес жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтеріп, латын әліпбиіне көшу туралы нақты тапсырмалар берді.
